Соотнесение твердых и мягких согласных

Скачать файл



ШҚО Үржар ауданы Мақаншы ауылы

«Сейфуллин атындағы орта мектеп-бақша»КММ

Семизова Майра Нусиповна

физика пәні мұғалімі

Сыныбы: 10

Пәні:физика

Сабақтың аты

§5.6. Жұмыс пен жылу мөлшерінің баламалығы. Румфорд пен Джоуль тәжірибелері. Энергияның сақталу заңы

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

  • Жұмыс пен жылу мөлшерінің баламалығы. Румфорд пен Джоуль тәжірибелері. Энергияның сақталу заңы жайлы мағлұмат беру

  • Жұмыс пен жылу мөлшерінің баламалығы. Румфорд пен Джоуль тәжірибелері. Энергияның сақталу заңының формулаларын есептер шығаруда және техникада қолдана білуге үйрету

  • Бірін-бірі бағалай білуге баулу

Күтілетін нәтиже

  • Жұмыс пен жылу мөлшерінің баламалығы. Румфорд пен Джоуль тәжірибелері. Энергияның сақталу заңы жайлы мағлұмат алады

  • Жұмыс пен жылу мөлшерінің баламалығы. Румфорд пен Джоуль тәжірибелері. Энергияның сақталу заңының формулаларын есептер шығаруда және техникада қолдана білуге үйренеді

  • Бірін-бірі бағалай алатын болады

Негізгі идеялар

Көптеген тәжірибелер денені оған жылу мөлшерін бермей-ақ жұмыс атқару арқылы қыздыруға болатынын көрсетті.

1798 ж. Румфорд: зеңбіректің ұңғысын жегілген аттардың көмегімен айналдырылатын үлкен тескішпен тескенде, оның қызатынын байқады. Ол тескіш айналған кезде атқарылатын жұмыстың әрекетінен қызады деп қорытынды жасады.

1799 ж. Г. Дэви мұздың кесегін бір-біріне үйкеген кезде ол еріп, суға айналды. Тәжірибе ауада, сосын мұзға жылу жеткізу мүмкін болмайтын вакуумде жүргізілді.

ХІХ ғасырдың ортасында Джоуль жылу энергияның барлық түрлерінің арасындағы байланысты және жылу мен механикалық энергия арасындағы сандық қатынасты тағайындауға тырысты.

Калориметрде сынап бар. Жүктер төмен түскенде қалақшалар айналысқа келіп, сұйық қызады. Тәжірибенің басында және соңында жүктер, қалақшалар мен сынап тыныштықта болады, сөйтіп, олардың кинетикалық энергиялары тәжірибе барысында өзгермейді. Жүктердің қозғалысы кезінде атқарылатын жұмысты біле отырып және қалақшалардың сынапқа үйкелісі кезінде температураның артуын өлшей отырып, Джоуль 4,2 Дж жұмыс атқарылғанда температураның артуы денеге 1 кал жылу берген кездегі артуымен бірдей болатына көз жеткізді.

Джоуль тәжірибесінің сипаты:

4,2 Дж/кал – жылудың механикалық эквиваленті.

1843 ж. адам ауыр дене жұмысын істегенде оның қанында жану өнімдерінің пайда болатынын байқаған.

Осы кезде Ленц пен Джоуль жылу мөлшері мен электр энергиясының арасындағы сандық қатынасты ашты.

Жұмыс пен жылу мөлшері ішкі энергияның өзгерісі болып табылады.

Г.Гельмгольц энергетикалық түрленулерді толығырақ және сандық қатынастар жағынан зерттеді.

Энергияның сақталу заңы:

Табиғатта энергия жоқтан пайда болмайды және жоғалып кетпейді. Ол тек бір түрден екінші түрге, бір денеден екінші денеге өтеді. Ал денелердің тұйықталған жүйесінде толық энергия тұрақты шама болып қалады.

Термодинамиканың І заңының математикалық өрнегі:

Тапсырмалар

Топтық жұмыс «Джигсо»

Жеке жұмыс

Жеке жұмыс «Блум таксономиясы»

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 минут)

    1. Сәлемдесу

    2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

    3. Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (1,2 сандары арқылы 2 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (5 минут)

  1. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы деген не?

  2. Оның формуласы қандай?

  3. ХБЖ-да заттың меншікті жылу сыйымдылығының өлшем бірлігі қандай?

ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (4 минут)

  1. Румфорд, Дэви және Джоуль тәжірибелерінің жылу табиғатын зерттеудегі рөлі қандай?

  2. Оларды жүргізгеннен кейін қандай қорытындылар жасалды?

  3. Майер мен Гельмгольцтың жылулық құбылыстарды зерттеуге сіңірген еңбектері қандай?

ІҮ. Топтық жұмыс (15 минут)

Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Берілген тапсырманы, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді

Бақылаушының бағалау парағы

Бағалау өлшемдері

Көш

басшы

Хатшы

Баяндамашы

Уақыт сақшысы

1

Есептің шешуіне үлес қосу

2

Міндетін атқару

3

Топтық жұмысқа атсалысуы

Ү. Жеке жұмыс (5 минут)

№4. 500 г темір кесегін -100С-тан +100С-қа дейін қыздыру үшін қажетті жылу мөлшері (темірдің меншікті жылу сыйымдылығы 780Дж/кг0С)

VІ. Жеке жұмыс «Блум таксономиясы» (12 минут)

1

Білу

Энергия дегеніміз не?

2

Түсіну

Энергияның сақталу заңының формуласын жаз?

3

Қолдану

Румфорд пен Джоуль тәжірибелері?

4

Талдау

Жұмыс пен жылу мөлшерін салыстыр?

5

Жинақтау

Көптеген тәжірибелер денені оған жылу мөлшерін бермей-ақ жұмыс атқару арқылы қыздыруға болатынын түсіндір?

6

Бағалау

Румфорд пен Джоуль тәжірибелерінің маңызы қандай?

Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.

ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (2 минут)

Кейінгі тапсырмалар

Эссе жазу

Кейінгі оқу

§5.6. Жұмыс пен жылу мөлшерінің баламалығы. Румфорд пен Джоуль тәжірибелері. Энергияның сақталу заңы

Leave a Comment